Алаш туы астында
2018, Документальные, ДрамыСезон 1, Эпизод 1, 1 серия«Алаш туы астында» деректі фильмі 3 бөлімнен тұрады. «Оян, қазақ!» атты алғашқы бөлімде Алаш қозғалысының қалыптасу кезеңі, жәдидтік ағым мен батыс мәдениетінің ықпалы, қазақ баспасөзінің бастау бұлағы, Дума жұмысына араласу, 1916 жылғы көтеріліске көзқарас сынды мәселелер қамтылады.
Екінші бөлім «Жарияланбаған автономия» деп аталады. Мұнда 1917-1920 жылдардағы Алашорда үкіметінің қызметі көрсетіледі. Алаш қайраткерлері неге тәуелсіздікті емес, автономияны таңдады? Алаш әскері қалай жасақталды? Алаш автономиясы жарияланды ма, жоқ па? Ә.Бөкейхан мен М.Шоқай Уфадағы мемлекеттік мәжілісте ұлт-азаттық күрес мүддесін қалай қорғады деген сұрақтарға жауап ізделеді.
«Қатерлі өткел» деп аталатын үшінші бөлім – 1920 жылғы қазақ шекарасын анықтаумен басталатын Алаш қайраткерлерінің Кеңестік дәуірдегі күресіне арналған. Бұл бөлімде Голощекиннің қырғыны, Сталиндік репрессия жылдарындағы Алаш тағдыры нақты деректермен дәйектеледі.
Контент предоставлен компанией: QAZAQSHA