Ырысты ыдыстар
2020 | Танымдық | 1 сезон | 6+
Оценить
В избранное
Қазақ халқының мәдениеті мен өркениетіндегі ең ірі сала - қолөнердің этнографиялық жан-жақтылығын зерттей отыра, балалардың танымына жол ашу. Дәстүрлі өнердің тарихы мен бүгінін сабақтастыру. Қызығымен қоса маңызын: ағаштан жасау түрлері, металлдан және теріден жасау үлгілері арқылы өскелең ұрпақты ұлттық ерекшеліктермен сусындату. Кейіпкерлердің мінез-құлқы аясында олардың қандай қызмет атқаратынын, қандай материалдан жасалғанын анықтау. Қазақ тұрмысындағы ерекше ыдыс-аяқтардың сақ, ғұн, үйсін, қарлұқ, түркі тайпаларының өркениет шеберлігіндегі сабақтастықты айғақтау. Көрермен санасына дәуірлерге созылған қалыптасқан мәдениеттің жауһарларын танымдық бейнелер арқылы, ұлттық нышандар мен айқыштар арқылы сіңіру.