Тотықұстар
2022 | Танымдық | 1 сезон | 0+
Оценить
В избранное
Тор ішінде Үрпек атты сұр тотықұс өмір сүреді. Оған үйде қамалған ұнамайды. Ал үйдің сыртында, Дәдәу атты дала кезген тотықұс өмір сүреді. Оған еркіндікте өмір сүрген ұнамайды. Үрпектің арманы әрі мақсаты далаға шығу болса, Дәдәудің арманы үйге кіру. Енді осы тұста кереғарлық туындайды. Үй тотықұсы даладағы тотықұсты үйге кіргізбеуге тырысып, оның аяғынан шалып, түрлі кедергілер туғызады. Ал, өзі тордан шығып, далаға ұшпақ болған сәтте оның жолын сұр тотықұс бөгейді. Осылайша әр бөлімде екі тотықұс бір-біріне жасаған тұзақтарына түсіп, мысық пен тышқан (Том мен Джерри) сияқты өмір сүреді. Екеуінің достасып, бір мәмілеге келуіне іштарлық қасиеттері кесірін тигізеді. Әр бөлім екеуінің бір-біріне жасаған оқиғаларымен өрбиді.