Ойыншықтар
2022 | Танымдық | 1 сезон | 6+
Оценить
В избранное
Жаңа оқу жылы басталуға аз қалғанда Алуа ойыншықтарын жинап, қалаға қайтуды ойлайды. Бұл жаңалық ойыншықтарды қатты алаңдатады. Өйткені қалалық ойыншықтар мен далалық ойыншықтар бір-біріне қатты бауыр басып қалған еді. Заттарын жинастырып жатып, киіз үйде қатар тізіліп тұрған ойыншықтарына сүйсіне қарап тұрған Алуаның бала жүрегі бірдеңе сезгендей болады. Ала жаздай асыр сап ойнаған ойыншықтарын ауылда қалдырғысы келмеген Алуа оларды алып кететін болып шешеді. Бұны естіген ойыншықтар қатты қуанады. Ауылдан қайтатын күн де келіп жетті. Алуаның ата-әжесі немересін қимай қоштасады. Арнайы екі қорапқа теңдей бөліп ойыншықтарды да көліктің багажына салады. Қараңғы багажда отырып көрмеген далалық ойыншықтар қатты қорқады. Достарына жаны ашыған Әскербасы жарық түсетін саңылау іздеп, байқаусызда багажды ашып жібереді. Сол мезетте Ханшайым бастаған қалалық ойыншықтар көліктен құлап, түсіп қалады. Айдала. Бейтаныс мекен. Енді қалай болғанда да қала жақты бетке алып аман-есен Алуаға жету керек. Ойыншықтардың осы бір қиын сапарлары қызықты оқиғаларға толы болмақ.