Күмбір Live
2022 | Отбасылық | 1 сезон | 6+
Оценить
В избранное
Бағдарлама түрлі-түсті декорациялармен жасалған әдемі студияда екі жүргізуші және жас өнерпаздың танысуынан басталады. Осы алғашқы қадамнан кейін әртүрлі музыкалық инструменттің (домбыра, сыбызғы, саз сырнай, жетіген) жасалуы, қыр-сыры, маңыздылығы мен тарихы жайлы құнды деректер айтылады. Шеберханадан кейінгі сахна студияда жүргізуші мен жас қонақтардың ойын ойнауымен жалғасады. Ойын барысында аталған жер-су аты немесе тарихи тұлға есіміне байланысты күй орындалады. Ойынның жеңісі орындалатын күйдің аты болып шығады. Бұл әдіс көрерменді ойынға қызықтыра отырып, қазақтың тарихынан да мәлімет береді.