Дүлдүл
2022 | Шытырман | 2 сезона | 6+
Оценить
В избранное
Дүлдүл достарымен жайлауда өмір сүреді. Ол достары – Тарлан және Ақтабанмен бірге қызықты оқиғаларды бастан кешеді. Дүлдүлдің басты қарсыласы үйірдегі тәртіпті үйлестіретін күшті әрі қатал Қарасерке атты жылқы. Дүлдүл – сабырлы әрі жылдам, ақылды, достыққа адал, қасындағыларының қамын ойлап, үнемі қарайласып жүреді. Тарлан – Дүлдүлдің жақын досы, мейірімді әрі сабырлы ат, үнемі Дүлдүлдің жанынан табылады. Ақтабан – мақтаншақ, қызғаншақ әрі өзін айналасындағылар мақтағанды жақсы көретін тай. Үнемі келеңсіз жағдайларға тап болып жүреді. Қарасерке – намысшыл жылқы. Ол Дүлдүл мен оның достарын түрлі себептермен үйірге қоспай қуып отырады.