Аяла
2022 | Детектив | 1 сезон | 12+
Оценить
В избранное
Ата-анасының алақанында үлбіреп өскен бойжеткен Аяла өзінің болашақ жарын жолықтырып, бақыты еселене түсті. Бірақ аз уақыттың ішінде барлық жақын жандарынан айрылып, жалғыз қалған ол тағдырдың сынағына төтеп береді. Жұмысында жетістікке жеткен сұлу әйелге көз қырын салар ер-жігіттер көп-ақ. Алайда, әкесіз өсіп келе жатқан қызының тәрбиесіне Аяла алаңдаса да жаңа отбасылық өмірге асыға қоймайды. Бір күні тағдыр оны ерекше көріпкелге алып келеді. Одан кейінгі Аяланың өмірі қалай өзгермек? Ол өзінің бойын билеген қорқыныштары мен жанын мазалаған ауыр сезімдерінен арыла ала ма? Бастысы – ол басына түсер тауқыметті енді көтере алар ма екен? Сыйы мен сынағы, қуанышы мен қиындығы қатар жүретін Аяланың тағдыры енді қалай өрілмек?