Арнайы өкілдер
2015 | Драма | 1 сезон | 12+
Оценить
В избранное
Олар қоғамның көзінен тасада жұмыс істейді. Олар жайлы ешкім білмеуі мүмкін. Бірақ әрқайсысымыз да сеземіз. Себебі, тұтас елдің қауіпсіздігі солардың қолында. Бұл жолы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы өкілдеріне артылған жауапкершілік тым жоғары. Демек, қабылданатын шешімдер де ауқымды болмақ. Бір ғана қателік – бәрін түбегейлі өзгертуі мүмкін. Қара халықтың тағдыры мен қара бастың қауіпсіздігі таразыға түскенде, таңдау жасау қаншалықты қиын? Сын сағатта сыналған көзсіз ерліктер мен қаһармандық рух баяндалатын үздік туындыны көріңіз.