Әжемнің ертегісі (Сиқырлы бөлме)
2022 | 1 сезон | 6+
Оценить
В избранное
Бір үйдің кішкентай ұлы мен қызын күнде кешкісін әжесі бағады. Олар бірге ойын ойнайды, сурет салады, қолдан түрлі ойыншықтар жасайды. Сол өздері жасаған ойыншықтардан әжесі ертегі құрастырып айтып береді. Кейде әжесі қолға киілетін түрлі қуыршақтар тігеді. Немерелері де үйреніп, қуыршақтарды бірге жасайды. Ұйықтар алдында әжесі қуыршақтарды қолына киіп, түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналып, даусын мың құбылтып ертегі айтады. Ертегілердің тәрбиелік мәні зор – балаларды білімге құштарлыққа, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, жақсы қасиеттерге баулиды. Ертегіден соң ұйықтау мәдениетін қалыптастыру да осы бағдарламада дәріптеледі.
Оригинальное название Әжемнің ертегісі (Сиқырлы бөлме)Аудиодорожки Русский