Жер ана
2016, ДрамаФильм кейіпкерлері: әпкесі мен екі інісі марқұм анасының «денемді туған жерге қойыңдар» деген өтінішін орындау үшін ауылға аттанады. Қалада туып өскен олар ешқашан аналарының ауылында болып көрмеген. Оны табу да оңай болмай шықты. Ұзақ жолда әпкесі мен інісі дауға келіп қалады. Ұлдардың бірі кәсіпкер, асығыс жұмысы бар, әрі сайын далада ескі ауылды іздеп адасып жүргеніне наразы. Ал әпкесі қайткен күнде де анасының өтінішін орындамай қайтпауға бекініп алған. Іздеген жерді тапқанымен, әпкелі-інілер ауылдың баяғыда құрып кеткенін, орнында тек үйінді қалғанын көреді. Жақын маңда трактор егін егуге жер тырмалап жүр. Бұрын ауыл тұрған жер енді халыққа нан бермек.
Контент предоставлен компанией: QAZAQSHA