Нью-Йорк күзі

16+
2000, Мелодрамы, Драма
Нью-Йорктегі бір мейрамхананың қожайыны Уилл Кин Орталық саябақта серуендеп жүріп, өзінің нақсүйерімен ат-құйрығын кесісіп қош айтысады. Дәл сол сәтте көзі бойжеткен Шарлотта Филдингке түседі. Ол аз болғандай, жас аруды сол күні кешкісін өзінің мейрамханасында 22 жасқа толуын атап өтіп жатқан кезінде тағы бір рет жолықтырады. 48-ден асқан тәжірибесі мол, сері жігіт Уилл жасына қарамастан бірден бойжеткенге көңілін білдіре бастайды. Ричард Гирдей түр-әлпетіңіз болса, жас деген ер-азаматқа сөз болып па? Ғашықтар бір-біріне енді бауыр басып келе жатқанда Уилл Кин Шарлоттаның жазылмас дертке шалдыққанын естиді. Әрі бұл пәниде бір жылға жетер-жетпес уақыты қалған көрінеді.
Оригинальное название: Осень в Нью-ЙоркеКонтент предоставлен компанией: QAZAQSHA
IMDb: 5.6КиноПоиск: 7.4Жанры: Мелодрамы, ДрамаПродолжительность: 104 мин.Год выпуска: 2000Языки: РусскийВозрастные ограничения: 16+