Құнанбай

12+
2015, Драма
Фильм дала кемеңгері, қарадан шығып хан атанған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін қамтиды. Фильмде Құнанбайдың тек жеке басы ғана емес, сонымен қатар XIX ғасырдағы қазақ қоғамының шынайы келбеті мол көрініс тапқан. Дала сырттаны Құнанбай баба¬лардың ұлы жарғы, әдет-ғұрып заңы бойынша елді ат үстінде билегені, қамшымен басқарғаны фильмде көптеген тамаша эпизодтар арқылы меңзеледі. Қазақтың болашақ ұлы ақыны – Абайдың әкесі кім еді десек, ол осы кинода жоғарғы деңгейде көрінген. Біздің ұрпақ Абайды ардақтайды. Алайда, одан бұрынғы дәуір қараңғы ма? Абайдың әкесі қатыгез феодал дәуірінің тежеусіз әміршісі ме? Осындай кептегі кеңестік кезеңдегі сыңаржақ түсінікке бұл фильм сәуле сыздықтатып, көрерменнің көкжиегін кеңітіп, жас буынға қазақтың арғы тарихынан сыр ұсынған тартымды экран өнімі болды.
Оригинальное название: КунанбайКонтент предоставлен компанией: QAZAQSHA
BeeTV: 8.8Жанры: ДрамаПродолжительность: 98 мин.Год выпуска: 2015Языки: РусскийВозрастные ограничения: 12+