Текетірес
2017 | Боевик | 1 season | 18+
Like
Add to favourites
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі Рахметов әртүрлі аймақта террористік әрекеттерді ұйымдастыратын, экстремистік топтарды әшкерелейді. Конституциялық заңға қайшы, радикалды діни идеологияны таратуды көздейтіндермен күреседі. Сол топтың бірнеше мүшесін тұтқынға алған ол, тергеу барысында бұл істің артында халықаралық террористік ұйымдардың тұруы мүмкін деген тұжырымға келеді. Алайда, басшылық жағдайдың бақылауда екенін айтып, капитанның болжамдарын жоққа шығарады. Рахметов пен жергілікті басшылық арасында осылайша келіспеушілік туындайды. Содан бастап, бұл іс - оның өміріндегі жәй ғана тапсырма емес, азаматтық парызына айналады. Сол үшін, әйелімен де арадағы қарым-қатынасы бұзылады. Қызметі мен отбасындағы қиындықтарға қарамастан, кейіпкер өз күресін жалғастыра береді. Бұл текетірес немен аяқталуы мүмкін?