Соққы
2019 | Әлеуметтік | 1 season | 12+
Like
Add to favourites
Заринаның өмірінде бәрі оңай: мектепке бару, балалармен сабақтан қашу, ақша тартып алып, оны жұмсау. Ол мінезі мен рухы мықты қыз. Оның әкесі түрмеде отыр, ал анасы алкогольді ішімдікке салынған және екінші рет тұрмысқа шығады. Өгей әкесі қызын аса жақтырмай, соның салдарынан отбасында жанжал жиілей түседі. Зарина "кек алу" керек деп шешеді. Оның идеясын достары қолдап, өгей әкесін жасөспірімдер таяққа жығады. Бұл сәтті өз пайдасына асырған өгей әкесі қызынан құтылу үшін ішкі істер органына өтініш жазады. Аға полиция қызметкері бұл әрекетті бұзақылық деп жаза ретінде Заринаны достарымен бірге бокс спорт секциясына жібереді. Осы сәттен бастап Заринаның өмірі өзгере бастайды.