Күлкі іздеген Күнекей
2019 | Танымдық | 1 season | 6+
Like
Add to favourites
Шат-шадыман өмір сүріп жатқан әсем қаланың тұрғындарының бойын беймәлім алаңдаушылық баса бастады. Себебі, жүздері жадырап, езулері тыйылмай бақытты жүрген кейбір балалар күлкісінен айырылып, қабақтары түсіп, түнеріп қалды. Күндердің бір күнінде бұл дерт Күнекейдің інісі Саматқа да келеді. Ол күлкісінен айырылып, қабағы салбырап, түнеріп жүреді. Күнекей інісінің күлкісін кімнің ұрлағанын біледі. Себебі ұрыны қуып, жете алмаған болатын. Енді батыл қыз өз інісінің күлкісін қайтару үшін алыс сапарға аттанады. Жолда күлкінің не екенін білмейтін ергежейлілер еліне тап болады. Су асты әлеміне барады. Күлкілер қамалған қамалды табады.Батыл қыздың бастан кешкен қызықты оқиғаларына бәріміз бірге куә болайық.