Дәрігер Дана
2022 | Танымдық | 1 season | 6+
Like
Add to favourites
Мультхикая 5 жасар Дана есімді дәрігер болуды армандайтын қыз туралы. Өзін «Дәрігер Дана» деп атайтын ол бөлмесін аурухана ретінде безендіріп, денсаулық сабақтарын жүргізеді. Дана арнайы сиқырлы медициналық сумкасын ашқан сәттен бастап ойыншықтарына жан бітіп, әрқайсысы кәдімгі пациентке айнала бастайды. Дана ойыншықтарына гигиеналық тазалық сақтау керегін, дұрыс тамақтануды және оның ерекшеліктерін, иммунитетті күшейту сияқты денсаулық күтудің негізгі ережелерін үйретеді. Ал Дананың көмекшілері – Ақ қоян мен Қызыл түлкі түрлі қызықты оқиғалардың негізін қалаушы кейіпкерлер болады.