Жазылымдар

Бозторғай

2022 | Танымдық | 1 season | 0+
Like
Add to favourites
Бұл мультхикая талантымен талайды тамсандырған Роза Тәжібайқызы Бағланованың құрметіне арналады. Қазақ ежелден күміс көмей, жезтаңдай әншілерін бұлбұл, бозторғай, сандуғаш деп атайды. Шынымен, Роза, Күләш апаларды тыңдасақ, дамылсыз тамағын бүлкілдетіп құс сайрап жатқан сияқты болатын, адам мен құстың дауысы аралас естіліп тұрады. Жобаның идеясы текті бұлбұл – Роза апайдың өмірін арқау еткен. Мультхикаяның 1-2 серияларында Роза Бағланованың өмірге келуі, 1-2 жас кездегі сәби шағы бейнеленеді. 3-9 серияларда Розаның мектеп шағы көрсетіледі. Өміріндегі қызықты оқиғалар баяндалады. Роза адамдардың айтқан сөзіне емес, олардың әуезіне назар салып, ерекше әуен таба бастайды. 10 серияда бойжеткен Розаның өнерге келуі, сахнада өнер көрсетіп, бүкіл әлемге қазақ музыкасын насихаттауы көрсетіледі.
Жанрлар Танымдық, ОтбасылықЕрекше атауы БозторғайAudio tracks Орыс