Бетперделі батыр
2020 | Танымдық | 1 season | 6+
Like
Add to favourites
Әр бөлім, XVII ғасырдағы әлдебір оқиғадан бастау алады. Яғни, киіз үйлер тігілген. Халық жайма шуақ өмір сүріп жатады. Кенет, иттер үріп, жылқылар кісінейді. Бір мезетте әлгі киіз үйлердің пішіні қорғанға айналып өзгере бастайды. Ал, ауылдың батырлары соғысқа, ұрысқа дайындалып тұрады. Бір мезетте ұрыс басталады. Қарсы жау, жылан тектес, түрлі түсті болады. Кенет әлгі соғыста олар жеңіліс тауып, жоғала бастайды. Сол сәтті, бір ақсақал, алдында тұрған батырға, өсиетін айтып жатады. «Батыр, бұл жау адамзатқа әлі де шабады. Мен саған ерекше қасиет дарыттым. Сен енді болашақта, еліңді, жеріңді мына аждаһадан аман алып қал»- дейді. Бетперделі батыр басын изейді. Келесі сахна. XXI ғасыр. Әлгі, XVII ғасырдағы бетперделі батыр адамзат қорғаушысы. Бұл ғасырда да адамзатқа қауіп төндірген жаңа аждаһа шыққан. Ол тазалық сақталмаған лас жерден, адамдардың қоршаған ортаны сақтамауынан, қоқыстардан, табиғат үйлесімдігінің бұзылуынан пайда болды. Оның мақсаты – үйінде карантин режимін сақтап, індеттен қорғанып жатқан адамдарды далаға шығару. Аждаһа әртүрлі кейіпке енеді де, үйлердің терезесінің алдына кеп немесе өзіне басқаша назар аудартып, балаларды өзіне шақырып, азғырады. Аждаһаның арбауына түскен баланы әп сәтте аждаһаның әскері айналшықтай бастайды. Олар күлгін түсті, домалақ пішінді, қатігез вирустар. Мұндай жағдайға тап болған балаларға көмекке бетперделі батыр келеді. Бетперделі батыр вирустармен айқасып, тұтқынға түскен балаларды құтқарып алумен айналысады. Ол вирустың тұзағына ілінген балаларға бірден бетперде кигізеді. Бетперде киген кез келген балаға батырлық дарып, олардың қорғаныш қабілеті пайда болады. Осы әрекетімен бетперделі батыр елге келген індетті жеңуге себепкер болады.