Ағайынды
2009 | Әлеуметтік | 1 season | 12+
Like
Add to favourites
Үш ағайынды жігіт ауылда, әке-шешесінің жанында бойына барлық жақсылықты сіңіріп өсіп келеді. Уақыты келгенде үлкен өмірге аяқ басқан бауырлардың жолы бір-бірімен түйіспей, әртүрлі бағытқа кетеді. Үлкені қалаға кетіп, сауданың қыр-сырына қанығып, үлкен кәсіпкерге айналса, спортқа жақын ортаншысы қалада бұзақы топқа қосылып, нәпақасын тауып жүреді. Ал үйдің кішісі ғана шаңырақта қалып, әке шаруасын жалғастыруды көздейді. Бірақ қоғамдық хал-ахуалдың әртүрлілігі үш ағайындының арасына сызат түсіреді. Олар бірінің басына қиындық түссе, бауырынан алыстамай, демеу болуды үйреткен әкенің аманатын орындай ала ма? Бір-біріне көмектесу үшін олар қандай тәуекелге барады?