Қара таңба
2021 | Әлеуметтік | 1 season | 12+
Like
Add to favourites
Заң агенттігінде жұмыс істейтін жас маман Шыңғыс авантюраға бейім. Оның жауапсыздығының кесірінен клиенті жапа шегіп, өлім аузында жатады. Ол бастығынан қатаң сөгіс алып, ұжымнан шеттетілгенімен қоймай, қоймадағы «қара таңбалы» істермен айналысуға мәжбүр болады. Яғни, ең қиын, әрі тығырыққа тірелген айрықша істер Шыңғыстың өмірін одан сайын күрделендіре түседі. Білімсіздіктің кесірінен қаржылық және әлеуметтік құлдырауға жеткен адамдарға Шыңғыс қалай көмектесе алады? Аңғал жандарды қалай алаяқтардан қорғайды? Ойынқұмарлық секілді, тіпті қылмыс әлеміне дейін өршіген шиеленісі мол мәселелерді Шыңғыс шеше алса да, арын мазалаған істі аяғына дейін апара алар ма екен? Яғни, аурухана төсегіне таңылған клиенттің құпиясы Шыңғысты қандай шындыққа жетелейді?